top of page

    Кітапхана 1973 жылы құрылып , жұмыс істей бастаған. Алғашқы кезде аудандық мәдениет бөліміне қарасты, көпшілік кітапханасы болып ашылған. Алғашқы жылдары кітап қоры 9000 болып, 300 оқырманы болған.

           

    1974 жылы Ақадыр аудандық кітапханасы  мәртебесін алып, оқу залы, абонемент, кітап сақтау бөлімдері ашылып, кітапханашылар саны 9-ға жетті. Ал, 1980 жылы аудан көлеміндегі кітапханалар орталықтандырылып, Ақадыр  аудананың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жұмыс істей бастады. Қарамағына 43 филиал кіріп, 56 кітапханашы  қызмет жасады. 1997 жылы Ақадыр ауданының таралуына байланысты Шет аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақадыр ауылдық  балалар кітапханасы болып құрылды.

    Кітапхана қазіргі уақыт талаптарына сай техникамен, оның ішінде дербес компьютермен, принтермен, сканермен, интернетпен қамтамасыз етілді. Оқырмандарға ақпаратты электронды түрде алуға мүмкіндік жасалды.

                                Мукашева Бахытгуль  Багимовна 1973 жылы  9 қаңтарда                                          Қарағанды облысы,Шет ауданы ,Қайрақты ауылында дүниеге                                    келген.1980-1991 жылдары Қайрақты  орта мектебің бітіріп,1990-                              1991 жылдың қазан айына дейін Қайрақты орта мектебінде                                        пионер жетекшісі болып жұмыс істеді. 2008 жылдың                                                      1наурызынан бастап -2011 жылдың қыркүйегіне дейін Қайрақты                              ауылдық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеді.2008-2010ж.ж  Қарағанды қаласының  Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «кітапханашы» мамандығын оқып алып шықты.2011 қыркүйегінен  Ақадыр балалар кітапханасына ауысып,сонда жұмыс атқаруда, 2015 жылдан бастап балалар кітапханасыңың меңгерушісі болып қызмет атқарады.

 

 

                                Бакірова Боранкүл Қадырқызы 1961 жылы қазірігі Қарағанды                                  облысы, Шет ауданы Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген.                              Орта мектепті  бітірген соң, 1978 жылы қазіргі Қазақ                                                        Мемлекетінің Қыздар Педагогикалық университетінің кітапхана                              факультетіне түсіп, 1982 кітапханашы-  библиограф мамандығы                                бойынша бітіріп шықты. Алғашқы еңбек жолын Балхаш қаласының қалалық кітапханасында кітапханашы қызметінен  бастаған. Одан кейін Жезқазған қаласының әмбебап кітапханасында аға кітапханашы, 2008 жылдан бастап Ақадыр кенттік балалар  кітапханасында кітапханашы болып қызмет істейді.

Біз жайлы

bottom of page