top of page

15 сәуір - Ғашықтар күні

Дүниеде ғашық қатты екен,


Көңілді бұған бұрғызды.


Бере ме тәңірім, бермей ме


Ынтық болған бір қызды?


Қосылғанша мен оған


Ішіме қайғы толғызды...


Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр.


Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.


Олай болса, баршаңызды 15 сәуір - Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, сүйіңіз, сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз деген тілек айтамыз! Мереке құтты болсын!

Толығырақ мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.instagram.com/reel/CrC8oJJAXx1/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Commentaires


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page