top of page
Поиск

"Ертеңінді ойласаң - есірткіге жолама" атты тәрбие сағаты

  • Фото автора: Ақадыр бала кітапханасы
    Ақадыр бала кітапханасы
  • 19 нояб. 2019 г.
  • 1 мин. чтения

18 қазан күні Ақадыр кенттік балалар кітапханасының оқу залында «Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама» атты тәрбие сағаты болып өтті.

Оқу залында «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге нашақорлық туралы кітаптар, суреттер қойылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалып таныстырылды.

Іс – шараға Ә. Ермеков атындағы ЖОББМ мен М. Маметова атындағы ЖОББМ-нің 9 сынып оқушылары келіп қатысты. Кеш жүргізуші Б. Құтжанова оқушыларға есірткі жайлы туралы оқып берді.Оқушылар өз пікірлерін айтты. Кеш барысында оқушыларға хормен: «Кімде-кім өзіне өмір беріп, әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе, соларға адал ұл-қыз болам десе – арақ ішпесін. Өз ортасына қадірлі адам болам десе – темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы азамат болам десе – нашаға әуестенбесін!» - деп, айтқызып кешті аяқтады.




 
 
 

Недавние посты

Смотреть все
"Балдырғанға- 65 жыл"

Ақадыр балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Нұршуақ" балабақшасының бүлдіршіндерімен "Балдырғанға- 65 жыл" атты ақпараттық сағаты...

 
 
 
Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square

Сайт создан 01.11.2017

bottom of page