top of page

"Алғыс айту парызым" атты әдеби-сазды кеш

2 наурыз күні Ақадыр кенттік С. Сейфуллин атындағы жаңа үлгідегі кітапхана мен балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Алғыс айту парызым" атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кітапхананың оқу залы безендіріліп, шаңырақ құрылып, "Бейбітшілік дастарханы" ұйымдастырылып, "Алғыс сөздің - асылы" атты кітап көрмесі қойылды.

Кешке әкімнің орынбасары Қ. Бекқожин, Қазақстан Республикасының Жазушылар мүшесі, жазушы Ө. Кәріп, ақын Шет ауданының Құрметті азаматы А. Смет қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ақадыр кентінде 12 мыңға жуық халық тұоратын болса, олар 22 ұлт өкілдерін құрайды. Жергілікті тұрғындар М. Бруннер, О Бурнышева ата-аналарының ертеде қазақ жеріне келіп, оларды қазақ елі құшақ жая қарсы алғанын, өмір сүруге керекті жағдайын жасағаны үшін ор алғыстарын жеткізді.

Шарада "Нұршуақ", "Балбөбек бөбекжайларының бүлдіршіндері, М. Маметова оқушылары, Ш. Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының әншілері отансүйгіштікке жетелейтін өлеңдерді мәнерлеп оқып, әндер орындап, мың бұралған билер ұсынды. Кеш соңында кітапханашылар келген қонақтарды "Бейбітшілік дастарханға" жол сілтеді.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page