«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлеріне мастер-класс
- Ақадыр бала кітапханасы
- 6 нояб. 2022 г.
- 1 мин. чтения
«Балалар жылы» аясында Ақадыр балалар кітапханасының «Қолөнер» үйірмесінің мүшелерімен «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлеріне мастер-класс жасалды. Оған қатты фетр матасы, түрлі-түсті жұмсақ фетр, пва желімі, шар, салфетка, гипс, қайшы, сары түсті гуаш, А3 форматтағы қағаздар, ыстық клей, қарандаш керек. Шар үріп, үстіне пва желімімен салфеткалар жабыстырылды, артынша кептіріліп гипс жұқаланып жағылды. Содан соң сары гуашпен боялды. Әр кейіпкер ата, апа, аю, қоян, қасқыр, түлкі, қоян жеке суреттері салынып, фетр матасымен ойылып құрастырылады да, ыстық клеймен жабыстырылады. Осылайша кейіпкерлеріміз дайын болады. Толығырақ мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.instagram.com/reel/CkpebnaIAyI/?utm_source=ig_web_copy_link

Недавние посты
Смотреть всеАқадыр балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Нұршуақ" балабақшасының бүлдіршіндерімен "Балдырғанға- 65 жыл" атты ақпараттық сағаты...
Comments