top of page

Фариза Оңғарсыноваға - 80 жыл

11 қазан Ақадыр кенттік балалар кітапханасында ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жыл толуына арналған «Қазақтың ақын қызы» атты әдеби – сазды кеш болып өтті.

Кітапхананың оқу залында «Поэзия падишасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке Ю. А. Гагарин атындағы мектеп лицейінің 4-5 сынып оқушылары, ұстаздары, С. Мұхамеджанов атындағы өнер мектебінің ұстазы мен оқушылары, және Ш. Бейсекқызы атындағы мәдени – сауық орталығының қызметкерлері келіп қатысты. Жүргізуші кітапханашы Н. Қалижан ақынның өміржолын оқып, кітаптарымен таныстырды. Кеш барысында өнер мектебінің ұстазы Т. Утебаева оқушыларымен Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» атты күйлерін орындады. Мәден – сауық орталығының әншісі А. Қайрат ақынның «Жақсы көру» атты әнін орындаса, Б. Боранкүл Б. Сапарбаевтың «Жұлдызым» атты әнін орындап шықты. Сонымен қатар Ақадыр өңіріне белгілі әнші К. Мұсаева ақын Ф. Оңғарсынованың «Қыз ғұмыр» атты әнін орындады. Ю. А. Гагарин мектеп – лицейінің 5 - сынып оқушылары ақынның өлеңдерін оқып берді. Кеш өте жақсы өтті.


Comments


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page